Қаз дауысты Қазыбек би бабамызды білмейтін қазақ жоқ шығар. Сол Қазыбек би бабамыздың жастық шағы көрші мемлекеттердің жерімізге көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келген еді. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан деседі.